Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұражайында ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері, КСРО Халық әртісі, әйгілі кинорежиссер, театр және кино актеры Шәкен Аймановтың 100-жылдық мерейтойына арналған «Қазақ киносының саңлағы» атты мемориалды көрмесі өтіп жатыр.
2014 жылдың 1 қазанында өткен көрменің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қайраткерлері – Қазақстан кинематографисттері Одағының мүшесі Қасым Бегалин, Ш.Айманов түсірген «Тақиядағы періште» фильмінің әйгілі актрисасы Шолпан Алтайбаева, карикатурист-суретші Еркін Нұразхан, «Қазақфильм» киностудиясының және шығармашылық ұжымдардың өкілдері, өнер жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Көрмеде келушілер назарына Құлахмет Ходжиков, Павел Зальцман және Сахи Романов секілді Қазақстан әйгілі суретшілерінің Шәкен фильмдеріне арнап жасаған костюмдер мен декорациялардың бірегей топтамалары алғаш рет ұсынылған.
Сонымен қатар көрмеде қазақ киносының шежірелі бастамашысының жеке заттарын, марапаттарын, фотомадериалдар, құжаттар, кітап, сыйлықтарын көруге болады. Олардың қатарында, мысалы үшін, Ш.Айманов өмір бойы жинаған қалталы пышақтар мен оттағыштардың топтамасы, кино түсірілімдері арасында ойнаған шахматтары, әрдайым бірге алып жүрген домбырасы, тіпті шебердің түпнұсқаға толық сәйкес келетін кабинетінің көшірмесі де бар.
Жалпы көрмеге 130-дан аса экспонаттар шығарылған, олардың көпшілігі «Қазақфильм» киностудиясымен ұсынылды.
Көрме 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін өтеді.
по материалам: www.mk.gov.kz