М.Әуезов атындағы қазақ академиялық театры Қырғызстан астанасына гастрольдік сапармен келді

08.10.2014 00:00 1573

 
8 қазан, 2014. Бішкек. Мұқтар Әуезов атындағы қазақ академиялық театры Қырғызстан астанасына гастрольдік сапармен келді. Бішкек қаласының тұрғындары мен қонақтары бір апта бойы қазақ актерлер тобының тарих, трагедия, махаббат және комедия туралы қойылымдарыны тамашалайды.

Әуезов атындағы театр Бішкектегі гастрольдерін қазақ әдібиетінің ұлы қайраткерінің бойындағы адамгершілік, әділдік сынды қасиеттері туралы баяндайтын «Абай» романтикалық трагедиясымен ашты.

Сонымен қатар, театр көрермендерге әлемдік классиктермен қатар, қазақ драматургтерінің шығармаларын көрсетпекші. Олардың қатарында «Сыған серенадасы» мюзиклі де бар.

Қырғыз астанасына театр труппасымен бірге қазақстандық қана емес, қырғыз театр әуесқойларының көзайымына айналған КСРО Халық әртісі, Қазақстан Республикасы көрнекті өнер қайраткері,  М.Әуезов атындағы қазақ академиялық театрының шығармашылық жетекшісі Асанәлі Әшімов та келді. Ол Герхард Гауптаманың «Күн батар алдында» атты қойылымында басты рөлде ойнайтын болады.

по материалам:  www.mk.gov.kz