Қазақстан мәдениет және спорт министрі Пекинде ашылайын деп жатқан 18-ші Халықаралық кинофестиваль қатысушыларын құттықтады

14.10.2014 00:00 1505

 

14 қазан, 2014. Астана. Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қытай Халық Республикасының орталық телеарнасы CCTV-6 өкілдеріне сұхбаты кезінде қытайлық әріптестерін Пекиндегі 18-ші Халықаралық кинофестивальдің ашылуымен құттықтады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы кинофестиваль қатысушыларына өзінің видеожолдамасы кезінде осындай шаралардың кинематография қауымдастығы үшін маңыздылығын айтып өтті.

Жолдамада «Мен 18-ші Халықаралық Пекин кинофестиваліне қатысушыларын шараның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын . Пекин кинофестивалі дүниежүзіне белгілі, сыйлы кинофестивальдерінің бірі. Осы фестивальда жаңа есімдер ашылатындығына, жаңа туындылар мен жас таланттардың жұлдызы жанатындығына сенемін. Осындай халықаралық шаралардың ерекшелігі – олар жас дарындарға ірі сахналарға жол ашуға мүмкіндік береді. Пекин кинофестивалінің әрі қарай өсіп-өркендеуіне тілектеспін» делінген.

 

по материалам: www.mk.gov.kz