2014 жылдың 15 қазанында Астана қаласының «Іскер» бизнес орталығында Қазақстан Республиксы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен «Религиялық сараптаманың өзекті мәселелері» тақырыбындағы семинар жұмысын бастады.
Семинардың негізгі мақсаты - дінтану сараптамасын жүргізудің әдістемелік мәселелерін талқылау, сарапшыларға әдіснамалық көмек көрсету және дінтану сараптамасын өткізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Іс-шара барысында баспа, дыбыстық және бейне материалдарға, терроризм мен экстремизм белгілері бар интернет-ресурстарына жүргізілген дінтану сараптамасының әдістемелік негіздерін тәжірбиелік дағдыларын жетілдіру және орталық жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңес негізінде ҚР Дінтанушылар конгресі мен сарапшылар қауымдастығының өзара тәжірибе алмасуын жандандыру міндеттері көзделуде.
Семинар барысында дінтану сараптамасының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасу өтеді.
Семинарға мемлекеттік органдар мен сарапшылар қауымдастығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғылыми-зерттеу және талдау орталықтарының қызметкерлері қатысады.
по материалам: www.mk.gov.kz