14 қазан, 2014. Астана. ҚР Ұлттық музейінің мәжіліс залында Инчхон қаласында (КореяРеспубликасы) өткен XVII жазғы Азия Ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова, ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы, облыс басқармаларының басшылары, спорт түрлері бойынша Ұлттық федерация басшылары, XVII жазғы Азия ойындарындағы Қазақстан Республикасының спорт делегациясының жаттықтырушылары мен мүшелері қатысты.
Гүлжан Әбдіқалықова марапатқа қатысушыларға арналған құттықтау сөзінді айтып кеткендей, Азиада-2014 бүгінгі Қазақстан тарихына ел спортының даңқын құрлықтық деңгейде паш еткен серпінді жоба ретінде енетін болады.
«Ойындар басталған күннен біздің ел үздіктер қатарынан ойып орын алып, қорытындысында Қазақстанның Азия ойындарына қатысқан бүкіл тарихында алтын жүлдені рекордтық мөлшерде жеңіп алып, кешенді есепте мәртебелі төртінші орынды сақтап қалды. Сіздердің бүгінгі жеңістеріңіз миллиондаған қазақстандықтардың жүрегінде еліміздің абыройы үшін алаңдаушылық пен отансүйгіштік сезімдердің отын жағып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан спортының әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуге ықпалын тигізді», - деді өз сөзінде Г.Әбдіқалықова.
Азия Ойындарының жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушыларына естелік сыйлықтар мен бірінші орын үшін 1 млн 800 мың қзт, екінші орын үшін 900 мың қзт, ал үшінші орын үшін 540 мың қзт көлеміндегі арнайы сертификаттар табыс етілді.
Сыйлықтарды салтанатты табыстау рәсімі қазақстандық жұлдыздардың өнер көрсетулері алмастырып, шараның ресми бөлімінен кейін қазақстандық ұлттық құрама үшін Ұлттық музей бойынша арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Сонымн қатар шара қонақтары Қазақстан премьер министрі атынан мерекелік кешкі асқа қатысып, бұл жерде де отандық эстраданың ең көрнекті өкілдерінің өнерлерін тамашалады.
XVII жазғы Азия Ойындары 4 октября 2014 жылдың 19 қыркүйегінен 4 қазанына дейінгі уақыт аралығында өткендігін еске саламыз. Бұл Азия «олимпиадасына» он мыңнан спортшы қатысып, елу спорт түрінен төрт жүз отыз жеті жүлде топтамасы ойнатылды.
Отандық спортшылардың құрметіне Қазақстан Республикасының әнұраны жиырма сегіз рет шырқалып, Қазақстан туы 84 рет көкке көтерілген болатын. Доданың қорытындысы бойынша Отанымыз континенттің спорт көшбасшылары атанған үш еліне – Қытай, Корея, Жапонияға – ғана жол беріп, құрметті төртінші орынға табан тіреді.
по материалам: www.mk.gov.kz