2014 жылдың 22 мен 26 қазаны аралығында Алматы қаласында Еуропа мен Азияның жас кино мамандары арасында ынтымақтастық пен достық қатынастарын орнатуды мақсат етіп қойған «Бастау» қысқа метрлі студенттік фильмдердің және киномектептердің фестивалі өткізіледі.
Кинофестивальдің қазылар алқасының құрамына Тәуелсіз мемлекеттер достастығының танымал шеберлері кірді. Олардың қатарында Батумидегі (Грузия) Артхаусты фильмдердің ХКФ-ң негізін қалаушы мен директоры, Грузияның кинематографисттер Одағының мүшесі Георгий Гогиберидзе, қазақстандық кинорежиссер Әділхан Ержан, Ресейден келген актер Азиз Бейшенәлиев, РФ кинематографисттері мен журналисттері, Телеарналар мен радионың Еуразиялық академиясы президиумының мүшесі Григорий Тараненко, ал алқаның төрағасы – профессор, Әзірбайжан Халық әртісі, Әзірбайжан кинематографисттер Одағының мүшесі, Әзірбайжан жазушылар Одағының мүшесі, кинорежиссер, сценарийші Октай Миркасим.
«Бастаудың» негізгі форматы қысқа метрдің түрлі жанрларындағы жұмыстардың байқауына бағытталған. Фестиваль ұйымдастырушыларының пікірінше, студенттердің жұмыстарында мәңгілік тақырыптар жаңа сипатқа, жаңа демге ие болып, заманның жаңа бейнелері жарыққа шығады.
Жас сценарийшілер мен режиссерлерге өзіндік төл жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей алаңға айналған кинофестивальға Қазақстан, Франция, Бельгия, Болгария, Латвия, Эстония, Босния мен Герцеговина, Түркия, Украина, Молдавия, Иран, жалпы саны 25 мемлекеттің өкілі қатыспақшы.
Бес күн бойы шара қатысушылары байқаулық және байқаудан тыс фильм көрсетілімдерімен қатар, әлемдік кино шеберлерінің ретроспективаларын, киномектептердің презентацияларын, семинарлар, дөңгелек үстелдер, түрлі дискуссиялар, әйгілі кинематографисттердің шеберлік сыныптарына қатыса алады.
по материалам: www.mk.gov.kz