23 қазан, 2014. Бүгін Астанада «Бұқаралық спортты дамытудың заманауи үрдістері: проблемалар мен шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастады. Шараның мәжіліс отырысын ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы ашты.
Конференция қонақтары мен қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде министр бұқаралық спорттың жоғары сатылы спортшыларды дайындаудағы ерекше маңызын меңзеп өтті.
«Бүгінде әлемнің әр түкпіріндегі спорттық қауымдастықтар дене тәрбиесі жүйесінің барлық адамдарға, әркімге қолжетімді болуын қамтамасыз ету, халықаралық спорттық алаңдағы ұлттық спорттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін шешумен белсенді айналысып келеді. Өйткені бұқаралық спорт – жоғары жетістіктер спортының негізі», - деді А. Мұхамедиұлы.
Конференция жұмысына Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей және Украинадан келген жалпы саны 300-ге жуық дене шынықтыру және спорт, спорттық психология салаларының мамандары, кешенді ғылыми топтар мен спорттық ұйымдардың басшылары, спорт түрлері бойынша федерациялардың өкілдері, ғалымдар, методисттер мен спорттық жаттықтырушылар қатысып жатыр.
Конференцияның бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту аясындағы проблемаларды шешу жолдарының өзекті мәселелері ғылыми және тәжірибелік сала өкілдерінің басын біріктірді.
Қатысушылар қазіргі уақытта жоғары білікті спортшыларды дайындауда спорттық психологияны дамыту және заманауи инновациялық технологиялардың елеулі рөл атқаратындығын белгілеп өткен болатын. Сонымен қатар пікір алмасулар кезінде ғалымдар мен ғылыми мекемелердің арасында авторлық идеялар мен технологияларды тарату, ғылыми ақпарат алмасу мақсатында тығыз байланыс орнатудың қажеттілігі туралы ойлар айтылды.
Ғалымдар мен тәжірибешілдер зерттеу қорытындыларын практикаға енгізу және методикалық ұсыныстарды жетілдіруге қатысты мәселелер бойынша да пікір алмасқан болатын.
Сонымен қатар әңгімелесу кезінде спикерлер бұқаралық спорттың бір мемлекеттің түрлі этностарын біріктіру, татулығын арттыру жолындағы негізін қалаушы маңыздылығын бірнеше мәрте белгілеп өтті. Қатысушылардың пікірінше, спорт халық арасында салауатты өмір салтының қағидаларын орнатып, адамдарды бүкіл әлем адамзатының ірі бөлігіне тән жағымсыз сыртқы факторлардың әсерінен арылтады.
Конференцияның бес «дөңгелек үстелінде» бұқаралық спорттың қазіргі жағдайы туралы ірі дискуссиялар орын алды. Бұл «дөңгелек үстелдерде» жалпы спортты дамытудың тиімді жолдары, жаңа ғылыми бағыттары талқыланып, жоғары білікті спортшыларды даярлауда спорттық психологиядағы инновациялық жете зерттеулер, спортшыларды олимпиалық ойындарға дайындаудың заманауи жүйесі, сондай-ақ бейімделме дене тәрбиесінің дамуы, спорттық басқару мен маркетинг сөз етілді.
по материалам: www.mk.gov.kz