Нью-Йорктың Бродвейінде америкалық және қазақстандық қылқалам шеберлерінің Қазақстанға арналған жұмыстарының көрмесі ашылды. «Мәңгі дала дауысы» көркемсурет көрмесінің рухани бастамасының негізін салған – соңғы 16 жылы бойы Америкада тұрып жатқан отандық суретші Берік Құлмаміров.
Отандық суретшілер Талғат Тілеужанов, Бақытнұр Бөрдесбеков, Досбол Қасымов, Ербол Хамиров, Мейіржан Нұрғожин жене американдықтар Приттимен, Джанет Кук, Лейла Элис өз туындыларында ұлттық ерекшеліктеріміз бен қазақ даласының кеңістігін шебер көрсете алды.
Көрмеге жұмыстары шығарылған жұмыстардың американдықтардың ешқайсысы бұрын-соңды Қазақстанда болып көрмегендіктерін ескертіп кеткен маңызды. Америка Құрама Штаттарының өнертанушы ғалымдарының пікірінше, қазақстандық туындылар негізінен үйреншікті еуропалық абстракционизм мәдениеті мен өнеріне сүйенетін америкалық суретшілер үшін реализмнің үлкен мектебі бола алады.
Берік Құлмаміровтің ойынша, осы көрме секілді шаралар қазақ мәдениетін Америкада насихаттау жұмысына зор үлесін қосады.
«Бұндай көрме ұйымдастыру идеясы, мен Америкаға көшіп келіп, екі мәдениеті мен өнер философиясының арасындағы айырмашылықты көрген кезде пайда болды. Барлық суретшілер көрмеге Қазақстан, көшпенділер мәдениетімен, тарихи-мәдени мұралармен байланысты туындыларын ұсынды. Реалисттік көркемсурет жанрында жұмыс жасай отырып, суретшілердің көбі Қазақстанның мәдениеті мен өнерінен рух алған болатын», - деді өз сөзінде Б. Құлмаміров.
Сонымен қатар Үлкен Алма қаласында өткізіліп жатқан бұл көрмеде Қарағандыдағы Абай ескерткішінің, Астана қаласында Ұлттық музей алдындағы сақ сарбаздары сұлбаларының және көптеген басқа монументалды құрылымдардың авторы әйгілі қазақстандық мүсінші Асқар Нартовтың жұмыстары да шығарылған.
по материалам: www.mk.gov.kz