Астанада «Олимпияда күні» өтті
Бүгін таңертең астаналалық саябақта мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпияда комитеті сондай-ақ Астана қаласы туризм және дене шынықтыру және спорт Басқармасының ұйымдастыруымен «Олимпияда күнінің» салтанатты түрде ашылуы өтті. Спорттық іс-шараға Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының қызметкерлері белсенді түрде атсалысты. «Олимпияда күнінің» өткізілу дәстүрі ежелден бар. «Олимпияда күні» Пьер де Кубертен мен оның серіктестерінің Олимпиядалық ойындар мен Халықаралық олимпияда комитетін (ХОК) құруы негізіне байланысты туындаған. Аталмыш іс-шараға 8000 нан астам Астаналықтар қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлттық Олимпияда Комитеті тарапынан сыйлықтармен марапатталды.