2014 жылдың 26 қазанында Астанада "Turkvision-2014" халықаралық байқаудың ұлттық кезеңінің қорытындылары белгілі болды. Байқаудың халықаралық кезеңіне Қазақстан атынан өнер көрсету құқығы үшін додаға сахнаға жаңадан жұлдыз болып шығып жатқан орындаушылармен қатар, сахнаның төрінен нық орнын тапқан поп-әншілер де қатысты.
Ұлттық байқаудың жұлдызды қатысушыларынаң қатарында Нұржан Керменбаев, "КешYOU" тобының бұрынғы әншісі Жанар Дұғалова, Абдулкәрім Кәрімов, Диас Аблаев және Санда болды.
Жеңімпазды қазылар алқасы және телекөрермендер бірлесе таңдаған болатын – қазылар мүшелерінің қойған бағаларына телекөрермендердің дауыстары қосылып, нәтижесінде қараша айының соңында Татарстанның астанасы Казан қаласында өтетін "Turkvision-2014" халықаралық байқаудың гранд-финалына Қазақстан атынан халық сүйіктісі Жанар Дұғалова қатысатын болып шықты.
"Turkvision-2014" 20 түркі тілдес мемлекеттер арасында өткізілетін «Евровидение» байқауының аналогы болып табылатындығын еске саламыз. Байқаудың негізгі мақсаты – заманауи түрік эстрадалық музыкалық өнерді тарату. Түркі мемлекеттерінің музыкалық байқауының жеңімпазы 720 мың рубль көлеміндегі ақшалай сыйлыққа, сонымен қатар "Turkish Music Box" және "Твой Мир Восток" телеарналарымен бірегей келісімдерге отыру құқығына ие болады.
по материалам: www.mk.gov.kz