2014 жылдың 7 қарашасында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми зерттеу-мәдениет институтының Бас директоры Андрей Хазбулатов пен М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институтның Директоры Уәлихан Қалижанов ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойды.
Қол қойылған құжат бойынша институттар бірлесіп білім беру, зерттеу жұмыстары, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық және қоғамдық қызметтерде тығыз байланыс орнату қарастырылған.
М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институты құрылған сәттен бастап қазақтың әдебиеттану, фольклортану мен өнертану ғылымдарының негізгі ғылыми орталығы болып табылады. Институттың ғалымдары отандық әдебиет, мәдениет және өнер саласының теңдессіз тұлғалары қалдырған шығармашылық мұраны зерттеуде зор үлес қосып келе жатыр.