31 қазан, 2014. Бүгін Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына түсініктеме беру бойынша республикалық ақпараттық топтың жұмысы басталды. Ақпараттық топ қазақстандық Стратегия-2050 мақсаттарын жүзеге асыру жолында жұмыстың кең ауқымын жүргізіп, қоғам күшін жұмылдыруға үлес қосуды жоспарлап отыр.
Ақпараттық топ құрамына ұлттық экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, заң, ішкі істер, білім және ғылым, мәдениет және спорт министрліктерінің қызметкерлері кірді. Олар облыстың әр аймағында өндіріс кәсіпорындарының жұымсшы ұжымдарымен, ауыл шаруашылығы жұмыскерлері, білім беру, мәдениет және өзге де әлеуметтік маңызы бар салалардың қызметкерлерімен кездесулер өткізеді.
Түсіндірме жұмыстар облыс орталығынан басталып, кездесулерде Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жыл сайынғы Жолдауында қамтылған мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттерді жергілікті деңгейде жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
К. С. Станиславский атындағы орыс драма театрының ғимаратында қала қоғамымен өткен кездесуде топ басшысы министр А. Мұхамедиұлы мәдениет саясатының облыс және жалпы мемлекеттің дамуындағы рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік орны толмас құндылығын ерекше атап кетті. Ол Елбасының тапсырмасы бойынша Министрлік заманауи мәдени кластерлерді дамыту және бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдени саясатының Тұжырымдамасы жасақтағандығын хабарлады.
«Құжат мәдениет саласындағы басқару жүйесін қалыптастыруда жаңа әдістер енгізуді ұсынады. Ол әдістер жеке кәсіпкершілік тарапынан инвестициялар, қаржылай қолдау көрсетуге шақыруды көздейді. Бұл мәдениет ұйымдарын басқарудың тиімділігін арттырып, саланың терең жаңартылуына септігін тигізеді», - деп түсіндірді министр.
Қазақстан мәдени саясатының Тұжырымдамасында мәдениет саласын қаржыландыруды реформалау, мемлекеттік мәдени-ағартушылық саясатын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру құралдарына өзгерістер енгізу, мәдениет және өнер саласындағы біліктілігі жоғары мамандардың жетіспеушілігін шығармашылық қызметкерлер мен жаңа буындағы басқарушыларды дайындау арқылы шешу бойынша бірқатар шаралардың кешені қамтылған.
Жаңа құжатта мәдениет қызметкерлері мен Қазақстанның шығармашылық ұжымдар мүшелерін әлеуметтік қамсыздандырудың өзекті мәселелері де қарастырылған: «Балет, цирк әртістерді, опера солисттерді, үрмелі аспаптарда ойнайтын орындаушыларды зейнеткерлікпен қамтамасыз ету мәселесі жыл сайып шиеленісе түсуде. Егер мәселені дәл қазір шешпейтін болсақ, алдағы уақытта бұл өнер түрлерінде кадр жетіспеушілігі мәселесімен кездесетін боламыз. Қазіргі уақытта орта және жоғары хореографиялық оқу орындарында абитуриенттер санының кеміп отырғандығы белгілі», - деді ведомства басшысы.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті жанында Әдебиет және өнер жөніндегі Ұлттық кеңес пен Қазақстан Республикасының мәдениет саласына жауапты мемлекеттік органында салалар бойынша шығармашылық кеңестердің құрылуы көзделген. Бұл кеңестер мемлекеттің мәдени саясатын жүзеге асыры мәселелері боцынша кеңесші орган қызметін атқаратын болады.
Кездесу барысында қоғам өкілдері ведомства басшысына көкейтесті сұрақтарын қойып, аймақтағы өмір сүру деңгейін арттыру, әлеуметтік құрылымдардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасап, республикадағы мәдени саясатты жүзеге асырудың деңгейі туралы өз пікірлерін білдірді.
Ақпараттық жұмыс аясында Қарағанды тұрғындарын қабылдауы өтті. Министр қала тұрғындарының проблемаларымен танысып, кей азаматтар мәселелерінің жергілікті басқару органдарымен әріптестікте шешілуін бақылауға алды.
Сонымен қатар мәдениет және спорт министрі облыс орталығының тарих-өлкетану мұражайы мен «Шабыт» концерттік залына сапар шегіп, жергілікті мәдениет ұйымдарының жағдайы мен ағымдағы жұмысымен танысты.
по материалам: www.mk.gov.kz