Алматыда «Қазақша тонау» криминалды комедиясының тұсаукесер алдындағы көрсетілімі өтті

06.11.2014 00:00 1592

 

Алматыда «Қазақша тонау» криминалды комедия жанрындағы кинофильмнің тұсаукесералдындағы көрсетілімі өтті. Режиссер Қайыржан Орынбеков түсірген фильмде танымал қазақстандық актерлер Аружан Жазылбекова, Байкенже Белбаев, Ерік Жолжақсынов, Жандос Айбасов ойнайды.

Фильм қызықты да қауіпті оқиғаларға тап болатын төрт достың өмірі туралы баядайды. Киносуретте шытырман және күлкілі жағдайлармен қатар махаббат туралы оқиға да орын тапқан.

Қ. Орынбековтың алғашқы фильмінің тұсаукесері 2014 жылдың 6 қарашасында өтеді.

по материалам: www.mk.gov.kz