2013 жылы 26-28 қыркүйек күндері Алматы қаласында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ұйымдастыруымен «Мәдени ландшафт мұра объектісі ретінде» атты атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтеді.
Семинарда авторлардың төмендегідей жоспарланған тақырыптар бойынша алдын ала келіп түскен ғылыми мақалалары талқыланбақ:
1. «Мәдени ландшафт» тұжырымының теориялық-әдіснамалық негіздері.
2. Топонимикалық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық мәселелері.
3. Қазақстанның тарихи топонимиясының тарихи-компаративтік зерттеулерінің өзекті мәселелері
4. Тарих және мәдениет ескерткіштері мәдени ландшафт объектісі ретінде.
5. Материалдық емес мәдени мұра мәдени ландшафттың бөлігі ретінде.
6. Эпиграфика мен таңбаларды зерттеу мәселелері.
7. Топонимикалық мұра тарихи және этномәдени зерденің институты ретінде.
8. Қазақстанның табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау саласының қазіргі заманғы жағдайы. Осы салада инновациялық технологияларды игеру процесінің динамикасы.
Семинарға қатысуға тіркелу үшін мына телефонға хабарласу керек: 8 (727) 291 46 54