Қаз ҒЗМИ бас директоры Андрей Хазбулатов
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті деп хабарлайды Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Kazpravda.kz.
Институт қабырғасында әр жылдары ғұлама ғалымдар, қоғам қайраткерлерімен қатар қазақтың ғылыми және мәдени интелегенциясының өкілдері еңбек атқарды.
Біздің институтымыздың негізгі қызметі болып Қазақстанның ұзақ мерзімді мәдени саясат Тұжырымдамасын жасау және оны іске асыру. Яғни, қазақ халқы мен өзге халықтардың ұлттық құндылықтарын сақтау, мәдени мұра, әдебиет пен өнер салалары бойынша барлық бағытта мәдени орта қалыптастыру, кәсіби көркемдік орталықтарды құру, халықтың мәдениетін жаңа сатыға көтеру, Қазақстан тұрғындары менен шетелдік туристерді тарту», - деді Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Андрей Хазбулатов «Мәдени ықпалдастықтың келешегі мен үрдісі» атты Халықаралық конференция барысында. Конференцияға әлемнің бірқатар елдерінен археология, тарих, мәдениет саласының жетекші сарапшылары қатысқан болатын.
Отандық ғылыми-зерттеу орталығы 1934 жылы ашылған болатын. Әр жылдары ғылыми орталықта көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, шығыстанушы Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, түркітанушы Құдайберген Жұбанов, қазақ әдебиетінің классигі, ғалым Мұхтар Әуезов, түркітанушы Исмет Кеңесбаев, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі Сәрсен Аманжолов және басқа да көрнекті ғалымдар қызмет атқарды.
Сонымен қатар Қаз ҒЗМИ-да белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, атап айтқанда: Советқазы Ақатай, Мұрат Әуезов, Асқар Тоқпанов және профессор Мұрат Балтабаевтар еңбек атқарған.
Қазіргі таңда институт – елдегі ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелерінің бірі. Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің аясында мәдениет пен өнердің айтулы мамандары, белгілі отандық сарапшылар менен шетелдік кеңесшілердің көмегімен елдің жаңа мәдени саясат Тұжырымдамасын жасақтады.
«Жаңа мәдени саясат Тұжырымдамасының маңызды стратегиялық тұсы болып – Елбасының алға қойған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында қазақстандық халықтың бай мәдени мұрасы мен шығармашылық потенциялын арттыру арқылы Қазақстанды әлемдегі қарқынды дамыған 30 елдің құқрамына енгізу»,- деп жазылған тұжырымдама жобасында.