Астанада «Мәдени ықпалдастықтың келешегі мен үрдісі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

29.11.2014 12:21 1989

2014 жылдың 27-28 қарашасында Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ғимаратында «Мәдени ықпалдастықтың келешегі мен үрдісі» атты Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының «Мәдениеттегі жаңару үдерісі және әлемдік мәдени кеңістікке Қазақстан мәдениетiнің бірігу векторлары» жобасы аясында өткізілді.

Аталмыш конференцияның өтуі қазақстан гуманитарлы ғылымдары саласында айтулы оқиға саналады және ол Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының құрылғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл мекеме елімізде алғаш құрылған ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі. Әр жылдары институт қабырғасында қазақ халқының көрнекті ғалымдары еңбек етті. Атап айтсақ: Ахмет Байтұрсынов, Сәрсен Аманжолов, Санжар Асфендияров, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Құдайберген Жұбанов және т.б. ғалымдар қызмет атқарды.

Конференция өз жұмысын пленарлық отырыстан бастады. Отырыста Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Андрей Хазбулатов, Алматыдағы ЮНЕСКО бюросының өкілі Юрий Пешков, Қаз ҒЗМИ бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Александр Гаркавец және басқалар сөз сөйледі. Пленарлық отырысты «Мәдениеттегі жаңару үдерісі және әлемдік мәдени кеңістікке Қазақстан мәдениетiнің бірігу векторлары» ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі, PhD докторы Ғалия Теміртон жүргізумен қатар аталмыш жоба аясында толыққанды баяндама жасады.

Конференция барысында көрнекті қазақстандық және шетелдік сарапшылар өнертану, тарих, мәдениеттану, филология салалары бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар конференцияда Қазақстанның мәдени саясаты мен әлемдік мәдени кеңістіктегі вектор үдерістерінің өзекті мәселелері аясында бірқатар пікір-сайыстар мен қызу талқылаулар орын алды.

Конференция барысында Армениядан келген ғалымдар шеберлік сабақтарын көрсетті. Матенадаранның ТМД бойынша мемлекеттік-қатысу бойынша директордың кеңесшісі – Ара Хзмалян, Матедаранның қайта қалпына келтіру бөлімінің меңгерушісі – Гаян Элиазян мен қалпына келтіруші Артур Петросяндар Матенадаран Қасиетті Месроп Маштоц атындағы ежелгі қолжазбалар институты: «Сұйық биоцидті қолдану арқылы кітапты биоқорғау тәсілі бойынша түбін сақтау», «Матенадаран қолжазбаларын консервациялау бойынша іс-шаралар ұйымдастыру», «Миниатюрлі қызыл қабатты бекіту».