«Ұлы дала: адамзат ежелгі байланыс жүйесінде» кітабының тұсаукесері «Мәдени ықпалдастықтың келешегі мен үрдісі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында өтті.

29.11.2014 13:48 2076

«Ұлы дала: адамзат ежелгі байланыс жүйесінде» кітабының тұсаукесері «Мәдени ықпалдастықтың келешегі мен үрдісі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты аясында іске асырылып келе жатқан «Мәдениеттегі жаңару үдерісі және әлемдік кеңістікке Қазақстан мәдениетінің бірігу векторлары» атты ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру барысында аталып өтті.

«Ұлы дала: адамзат ежелгі байланыс жүйесінде» кітабының авторы Виктор Новоженов еңбекті пленарлық отырыс барысында таныстырды. Өзінің баяндамасында ол үндіеуропалықтардың шығу тегі бойынша көтерілген мәселелер жайлы терең зерттеу жұмыстарын жүргізген. Еуразия территориясындағы заманауи халықтардың соңғы 250 жыл бойы таралуы жайында бірқатар тұжырымдар жасалынған. Кітап авторы белгілі ғылыми тұжырымдарды мұқият талқылай келе, үндіеуропалық тайпалардың шығу тарихын және ежелгі дөңгелек көлік құралдарының таралу аймағы мен көркемөнер ескерткіштері және үндіеуропалықтардың өзге де қырларынан хабар береді. Басылым түрлі карталармен, кесте және сапалы суреттермен безендірілген. Еңбек тарихшылар мен шығыстанушыларға, археологтар және мұражай мамандарына арналған.                                                                                                                                                                                                    

Кітапқа сондай-ақ, бұрын жарыққа шықпаған Е.Е. Кузьминаның бастапқыда ағылшын тілінде жазылған «Қола дәуірі кезеңіндегі үндіеуропалықтардың таралуы жайлы жаңа мәліметтер» атты еңбегі еніп отыр. Бұл еңбекте Е.Е. Кузьмина андронов мәдениетін үндіарийлік және оны б.з.б. XV-XIV ғғ. Үнді субконтинетінің солтүстік-батысына таратқан. Көші-қонның екінші легі экологиялық дағдарыспен, яғни шамамен б.з.б. 1200 жылы Иран срубтық мәдениетінің жалпылама көшіп-қонуы салдарынан болған еді. Монография авторы сонымен қатар Евразия даласында өмір сүрген халықтардың шығу тегі жайлы өзекті мәселелерді зерттеген.

Кітаптың электронды нұсқасын мына жерден жүктей аласыз.