Ә. Қастеев атындағы мұражайда көзі нашар көретін балалардың шығармашылық көрмесі өтті

14.11.2014 00:00 1547

 14 қараша, 2014. Алматы.  Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайда көзі нашар көретін балалардың шығармашылық көрмесі өтті.

20 мүмкіндігі шектеулі бала Қазақстанның белгілі суретші-мүсіншілерімен бірге  дайындалып, 10 сабақ өткізді. Бір ай көлемінде Қазақстанның танымал мүсіншілері Павел Шорохов, Шоқан Төлеш, Дархан Әтейбеков, Дулат Қажыбаев зағип балаларға мүсін өнерінің қыр-сырын үйретті.

Олардың туындылары бүгін қалың көпшілік наразына ұсынылды. Мәдени шара балаларды мүсіншілердің жұмысын дене түйсігі арқылы қабылдауға, ермексазды пайдаланып, өз түсінігінде сол қабылданған дүниені сомдауға баулуды мақсат тұтады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ішкі сырын ақтаруға септігін тигізеді. 

по материалам: www.mk.gov.kz