Мәдениет министрлігінің басшысы «Астана Опера» театрының ұжымына жаңа директорды таныстырды

14.11.2014 00:00 1555

 

ҚР мәдениет және спорт министрі АрыстанбекМұхамедиұлы бүгін,14 қарашада «Астана Опера» театрының ұжымына жаңа директоры Төлеубек Әлпиевті таныстырды.

Министр Мемлекет басшысының атынан «Астана Опера» театрының бірінші директоры Төлеген Мұхамеджановқа«Астана Опера» театрының әлемге аты шығуына себепші болған жемісті жұмысына және үздіксіз атқарған еңбегі мен талантына алғыс білдірді.

Өз кезегінде Төлеген Мұхамеджановтың айтқаны: «Маған үлкен сенім артып, осы театрдың бастауында қызмет етуіме мүмкіндік берген еліміздің президентіне ризашылығымды білдіремін және менің шығармашылықпен айналыссам деген ұсынысымды қабылдағанына алғысымды айтамын. Біз барлығымыз ол кісіге осындай маржанды –«Астана Опера»театрын елімізге  сыйлағаны үшін ризашылығымызды білдіруіміз керек».

Театрдың жаңа басшысы Төлеубек Әлпиевті таныстыру барысында министр театр басшылығының бірізділігіне сенім арта отырып, өнер ұжымына үлкен жетістік пен жаңа белестерді бағындыруды тіледі.

- Мемлекет басшысы айтқандай, «біз әлемдік мәдениеттің құндылығымен тығыз байланыста әрі үндес болатын жаңа дәуірдегі алдыңғы қатарлы қазақ мәдениетін қалыптастыруға міндеттіміз», - деп атап өтті министр. - «Астана Опера» өнер ұжымы осы мақсатқа жетуде басты орынды иеленеді деп ойлаймын.

«Біздің алдымызда үлкен мақсаттар тұр – «Аида» күрделі спектаклі, одан кейін «Қарагөз» және «Шерткіш»балеттерінің тұсаукесері. Алдағы жыл да өте маңызды болады. Біздің мәдениет пен өнерде қол жеткізген жетістіктеріміз зор, осы орайда біздің өнеріміз мәдени үдерістің бір бөлігіне айналуы тиіс», - деді өз ұжымының алдында сөз сөйлеген Төлеубек Әлпиев.

по материалам: www.mk.gov.kz