15 қараша, 2014. Алматы. Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде әлем чемпионы атанды.
Қоссайыста қазақстандық атлет 432 ұпай жинап (190+142) алтын медальді былтырғы әлем чемпионы - өзбекстандық Руслан Нуриддиновтан (193+139) басым түсті.
Үшінші орынды ресейлік спортшы Давид Бенджанян 427 ұпаймен (187+240) иеленді.
Айта кету керек, бүгін 105 келі санатында ерлер арасындағы додада 4 рет әлем рекорды жаңарды. Серпе көтеруде Нуриддинов Бенджанянның орнатқан рекордын 239 келіге жаңартса, іле-шала Бенджанян 240 келіні еңсеріп, ол рекордты қайта бұзды.
Әлем чемпиондарының қойған рекордын алаңға келесі шыққан Илья Ильин тас-талқан етіп, серпе көтеруде 242 келіні аспанға атты.
Сондай-ақ, Арменияның атынан шығып жатқан 17 жасар спортшы Симон Мартиросян болса жұлқи көтеруден 183 келіні көтеріп, жастар арасындағы әлем рекордын жаңартты.
по материалам: www.mk.gov.kz