Мәскеуде құжаттық қамтамасыз ету саласының өзекті мәселелері талқыланды

21.11.2014 00:00 1478

 

2014 жылдың 18-19 қараша аралығында Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы)  Бүкілресейлік мұрағат ісі және құжаттама ғылыми-зерттеу институтында «Ақпараттық қоғамдағы құжаттама; құжаттарды басқарудың нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету» атты XXI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға 200-ден астам адам қатысты. Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі М. Жақыпов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мұрағат ісі және құжаттама департаментінің директоры Ә. Мұстафина, басқарма басшысы Г. Қарсақбаева, Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры Б. Джапаров қатысты.

Ә.Мұстафина конференция қатысушыларына тәуекелдерді бағалау жүйесінде негізделген бақылау функцияларды жүзеге асыру жөніндегі баяндама ұсынған болатын. Сонымен қатар, конференция барысында ҚҚБ саласындағы кадрларды даярлау мәселелері, электронды құжат айналым шартындағы ҚҚБ жетілдіру, құжаттарды басқаруды нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету саласындағы негізгі үрдістер және қазіргі жағдайына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

по материалам: www.mk.gov.kz