ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі түркі әлемінің 2015 жылғы Мәдени астанасын сайлады

21.11.2014 00:00 1519

 

21 қараша, 2014. Қазан. Бүгін ТҮРКСОЙ Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Тұрақты Кеңесінің XXXII Отырысы барысында түрік әлемінің 2015 жылғы мәдени астанасы сайланған болатын. Келесі жылғы ТҮРКСОЙ астанасы болып Түркіменстанның Мары қаласы бірауыздан сайланды.

Мары қаласы Түркіменстанның оңтүстігінде орналасып, көне қала Мерв құрметіне аталған болатын. Көлемі бойынша мемлекеттің төртінші қаласы Марый велаятының орталығы болып табылады.

Мары ЮНЕСКО Халықаралық ұйымының бүкіләлемдік мәдени мұралары тізіміне кіретіндігін ескертіп кеткен жөн. Қаладан шығысқа қарай 30 шақырым жерде, Байрам-Али қаласының солтүстік шекарасына таман көне Мерв қаласының археологиялық және  архитектуралық ескерткіштері, соның ішінде Гяур-Қала (III ғ.), Үлкен және Кіші Қыз-Қала, Сұлтан-Қала, Эсхаб ағайындыларының зираттары (XV ғ.), Эрк-Қала қорғаны, Мұхаммед-ибн-Зейд кесенесі, сондай-ақ бұл жердің ең әйгілі ескерткіші - Санджар селжұқ Сұлтанының кесенесі (XI ғ.) орналасқан. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдары бұл жердегі археологиялық ізденіс жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда.

по материалам: www.mk.gov.kz