Геннадий Головкин қазақстандық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін құрмет белгісімен марапатталды

25.11.2014 00:00 1611

 

25 қараша, 2014. Астана. WBA, IBO, WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы, боксшы Геннадий Головкин «Қазақстандық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» құрмет белгісімен марапатталды. Ерекше белгіні табыс ету рәсімі әйгілі қазақстандық спортшының ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен кездесуі кезінде өтті.

Арыстанбек Мұхамедиұлымен әңгімелесу барысында әлем чемпионы министрге туған жеріне сапар шегуден қалған әсерлері мен алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті:

– Мен сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Мен үйде қалағанымдай жиі бола алмаймын. Жылы жаққа барып, сол жерде дем алуға мүмкіндігім болған, алайда мен Қазақстанға келуді жөн көрдім. Қарағандыға барып, анаммен бірнеше күн өткіздім. Көп адармен кездестім, - деді Г. Головкин.

– Қарағанды облысы және Астана қаласының әкімдерімен кездестім. Әділбек Рыскелдіұлымен әңгімелесіп, келесі жылы Астана күнінің қарсаңында кәсіби бокс жұлдыздарының қатысуымен жоғары деңгейдегі шоу ұйымдастыруға келістік. Боксшылардың есімдерін әзірше атай алмаймын, алайда әлемге Елордамызды паш етіп, Қазақстан туын биікте желбіретіп, әнұранын шырқатам деген ниетім зор, - деп жалғастырды боксшы.

Сонымен қатар қазақстандық бокс мектебінің мақтанышы оның промоутерлік тобы НВО телеарнасымен тығыз әріптестік орнатқандығын және бұл орайда кәсіби деңгейдегі шоуды ұйымдастыру мәселесі әбден жүзеге асырылатын мақсаттардың қатарына жатады.

Қазақстандық ведомстваның басшысы Қазақстанның астанасында Головкин қатысуымен бокс шоуын ұйымдастыру идеясына жан-жақты қолдау көрсетуге дайындығын білдірді. Министр меңзеп өткендей, бокс отандық спортты дамытуда ерекше мәнге ие және кәсіби бокс кешінің ұйымдастырылуы қала тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше сый болар еді.

по материалам: www.mk.gov.kz