Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Б. Сапарбаевтың қатысуымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысы өтті Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Б. Сапарбаевтың қатысуымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысы өтті

26.11.2014 00:00 1632

26 қараша, 2014. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Б. Сапарбаевтың қатысуымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысы өтті. Алқа отырысында жаңа ведомстваның мәдениет саласында атқарған жұмыстарының нәтижелері мен болашаққа арналған міндеттері, жуырда қабылданған Қазақстан мәдени саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру жоспары, тіл саясаты, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық, кешенді жалпыұлттық жобалардың жүзеге асырылуына қатысты мәселелер қарастырылды.

Сонымен қатар алқа жұмысына ҚР Парламент депутаттары, ұлттық және республикалық мәдени орталықтардың басшылары, аймақтардың мәдениет басқармаларының басшылары, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А. Мұсаходжаева, Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер Академиясының ректоры Б. Нүсіпжанова, қазақ актеры, театр және кино режиссері, КСРО Халық әртісі А. Әшімов және Қазақстан өнер және мәдениет қайраткерлері мен мәдениет және спорт ведомствасының қызметкерлері қатысты.

Алқа  отырысын аша отырып, Бердібек Сапарбаев мәдениет пен өнер салаларының мемлекеттің дамуында ойнайтын ерекше рөлі туралы айтқан болатын. Ол ел қоғамының мәдениеті жалпы мемлекет өркениетінің көрсеткіші болып табылатындығын айрықша меңзеп өтті.

 «Мәдениет – мемлекет өркениетінің деңгейін айқындайтын айрықша белгісі. Осы себеппен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан егемендігінің алғашқы күндерінен бастап бұл саланың дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Бұның дәлелі – қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, салынып жатқан ғимараттар, және осының жалғасы ретінде Елбасы қабылдаған Қазақстанның мәдени саясатының Тұжырымдамасы», - деді премьер-министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, Б.Сапарбаев Тұжырымдама ел аймақтарында мәдени саясатының жүзеге асырылуындағы ерекше үлесін айтып өтті. Ол аталмыш құжаттың арқасында облыстар арасындағы мәдени байланыстың жанданатындығына, облыстық театрлар мен шығармашылық одақтардың гастрольдік қызметі белесене түсетіндігіне, ал аймақтық мұражайлар өзара көрме алмасу мақсатында белсенді жұмыс атақара бастайтындығына үміт білдірді.

Премьер-министр орынбасары «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекеттерінің қатарына қосылу тұжырымдамасына сәйкес қызметтер мен қағидаттарының жүзеге асырылуы бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін айтып өтті.

Министр А. Мухамедиұлы, өз кезегінде, мәдениет пен елдің мәдени мүмкіндіктерінің дамуы жарқын және бейбіт болашаққа ұмтылатын мемлекеттердің басты бағдары болып табылатындығын ескертті.

 «Елбасының тапсырмасы бойынша министрлік Қазақстанның мәдени саясат Тұжырымдамасын жасақтаған болатын. Тұжырымдамаға сәйкес, шығармашылық одақтардың жетекшілері, аймақтық мәдениет басқармаларының басшылары, әйгілі әдебиеттанушылар мен мәдениет қайраткерлері кіретін Әдебиет және өнер кеңесі мен шығармашылық кеңестер құру көзделген. Сонымен қатар, біздің ведомстваның құрамында театрлар мен концерттік ұйымдардың репертуарлық саясатын бақылайтын Репертуарлық саясат басқармасы құрылды», - деп хабарлады министр.

Ведомства басшысының айтуы бойынша, шығармашылық кеңестер облыстар арасындағы мәдени байланыстардың белсендете түсуіне, театр репертуарларының кеңеюіне, Қазақстанның аймақтық мұражайларының арасындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Одан басқа, ведомства басшысы шығармашылық кеңестердің жұмысы мен жалпы Тұжырымдаманың арқасында   мұражайлар тек көрме қызметін ғана емес, ғылыми-зерттеу және археологиялық жұмысты жүзеге асыра алатын болады.

Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары Б. Сапарбаев пен А. Мұхамедиұлы өздерінің баяндамаларында қазақстандық жастарды мәдени және рухани дамуына тарту қажеттігі туралы сөз қозғады. Мәдени саясат тұжырымдамасы бұл осы маңызды міндеттің орындалуына да мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындылары бойынша министр Мәдениет және спорт министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауының жүзеге асырылуы бойынша тапсырмалар берді.

по материалам: www.mk.gov.kz