Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ғимаратында 2014 жылдың 8-10 желтоқсанында Жібек жолының мәдени форумы өтуде.
Пленарлық отырыстың ашылуында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жібек жолына қатысушыларға құттықтау сөзін жеткізді.
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі А. Мұхамедиұлы
Жібек жолы форумы халықаралық мәдени тұрғыда үлкен мәнге ие, сонымен қатар, қазіргі таңда Жібек жолы бірнеше халықаралық мекемелер және кәсіпкерліктер мен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді.
Форум барысында Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры А. Хазбулатов баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандық жол жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі аясында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Қазақстан Республикасының мәдени саясат Тұжырымдамасын іске асырылып келе жатқанын атап өтті. Жобасының бойынша еліміздегі жаңа мәдени туризм мен халықаралық байланыстарды кеңейту, басты назарда мәдениет саласын дамыту болып саналады. Тұжырымдаманы жасаушылар Жібек жолы мұрасын ескере отырып, ерекше мәдени-туристік класстерлерді жобаға енгізуді жоспарлап отыр. Яғни бұл жобалар болашақта еліміздің халықаралық бейнесін көтеретін, тарихи-мәдени кластерлерді дамытатын шешуші инфроқұрылымдар болатыны анық. Солардың бірі – «Оңтүстік Қазақстан» Ұлы Жібек жолының қайта өркендеу» кластері-деп атап өтті А. Хазбулатов.