2014 жылдың 7-9 аралығында Санкт-Петербургте Эрмитаждың құрылуына орай ІІІ халықаралық Санкт-Петербургтік мәдени форумы өтті. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі А. Мұхамедиұлы мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры А. Хазбулатов қатысты.
2014 жылғы мәдени форум Мемлекеттік Эрмитаждың құрылғанына 250 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Форум барысында 14 секция жұмыс жасады: «Мәдени саясат», «Театр», «Мұражай және өлкетану», «Тіл және әдебиет», «Кітапхана», «Кино», «Цирк», «Дәстүрлі әуен және халық шығармашылығы», «Хореография», «Бейнелеу өнері». Оның ішінде 3 жаңа секцияалар: «Ғылым», «Мәдени философия», «Тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау және тарату».
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі А. Мұхамедиұлы
ІІІ-ші Санкт-Петербургтік халықаралық мәдени форумы Ресей Үкіметінің « Жыл сайын ұйымдастырылатын және өткізілетін Санкт-Петербургтік халықаралық мәдени форумы» аясында өткізілді және ресейлік мәдениетті сақтау және дамыту, аймақтардағы мәдени бастамаларды қолдау, федаралды және халықаралық тұрғыда қорғау, мәдениет саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры А. Хазбулатов пен ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокова
Форум өз жұмысын 7 желтоқсан күні пленарлық отырыстан бастады. Оған мемлекет басшылары мен шығармашылық интелегенция, мәдениет қайраткерлері қатысты.
Форумға қатысушыларды Федерация Кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко, Ресей Үкіметінің вице-премьері Ольга Голодец, Санкт-Петербург қаласының губернаторы Георгий Полтавченко, Ресей Президентінің кеңесшісі Владимир Толстой, Қытай Халық Республикасының мәдениет министрі Цай У, Ресей Федерациясының мәдениет министрі Владимир Мединский, ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Георгиева Бокова, Ресей мұражайлар Одағы президенті, Мемлекеттік Эрмитаждың директоры Михаил Пиотровский қатысты.
Ресей Федерациясы Кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко
Ресей Үкіметінің вице-премьері Ольга Голодец
Санкт-Петербург қаласының губернаторы Георгий Полтавченко
Ресей Президентінің кеңесшісі Владимир Толстой
Ресей Федерациясының мәдениет министрі Владимир Мединский
ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Георгиева Бокова,
Ресей мұражайлар Одағы президенті, Мемлекеттік Эрмитаждың директоры Михаил Пиотровский