Әлемдік опера жұлдыздары Бейбітшілік және Келісім сарайының сахнасында өнер көрсетті

01.12.2014 00:00 1603

 

1 желтоқсан, 2014. Астана. Бүгін Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне арналған Халықаралық опера өнерінің фестивалі аясындағы «Әлемдік опера жұлдыздары» атты гала-концерт өтті.

Іс-шараның басты мақсаты ұлттық және бүкіл әлемдік мәдени мұраны насихаттау, дүниежүзілік классикалық музыканың үздік үлгілерін дәріптеу, алдыңғы қатардағы шетелдік опера театрларымен шығармашылық байланыстарды нығайту болып табылады.

 «Әлемдік опера жұлдыздары» гала-концертіне дүниежүзіне әйгілі опера солистері Клара Мелони (Италия, сопрано) және Хесус Леон (Мексика, тенор), сонымен қатар, Азамат Жылтыркөзов (Баритон), Дина Хамзина (Меццо-сопрано) секілді белгілі отандық опера солистері көрермендерге өз өнерлерін паш етті. Концерттік бағдарламада Дж. Пуччинидің «Джанни Скикки» операсынан Лауретта ариясы, Дж. Пуччини «Богема» операсынан Мюзетта вальсі, Дж. Верди «Трубадур» операсынан Азучена әні және т.б. әлемдік классика жанрының жауһарлары елордалық «АстанаОпера» Мемлекеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен шырқалды. Оркестр дирижері - Абзал Мұхитдинов.

по материалам: mk.gov.kz