Мәскеуде 15-17 желтоқсан аралығында ТМД елдерінің интеллигенция өкілдері қатысқан ІХ Форум өтті.

19.12.2014 16:12 1962

Форум Мемлекетаралық гуманитарлық Қордың мемлекеттік Достастық ынтымақтастығының көмегімен өтті және мәдени үдерістердің өзекті мәселелеріне арналды. ТМД елдері астаналарында 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол бұрындары Астана, Душанбе, Киев, Ашхабад және Минск қалаларында өтіп келді. Биыл оны Мәскеу өткізіп отыр.

Өзінің көп жылдық тарихында Форумға ғылым, білім, өнер мен мәдениет салаларының өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысатын ортаға айналған еді. Жыл сайын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері арасында өткізілетін шығармашылық пен ғылыми элитаның жиынында жаңа стратегиялар мен бастамалар, бірлескен жобалар іске асырылады.

ІХ Форумның тақырыбы – «ТМД-ғы ортақ гуманитарлық кеңістікті дамыту: ынтымақтасудың келешегі мен уақыт талабы». Форумда мәдени интеграция мен білім беру, ғылым, өнер, ақпараттану, коммуникация, экология, спорт, туризм және жастармен жұмыс жасау мәселелері тақырыптары қозғалды.

Форумның жұмысына 200 ден астам адам қатысты. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының атынан шығармашылық пен ғылыми интелегенция делегациясы қатысты. Жалпы Форум негізгі төрт пікірталас алаңы бойынша жұмыс істеді: «Ғылым және білім», «Мәдениетаралық диалог», «Мәдени-танымдық туризм мен мәдени мұраны сақтаудағы жастардың біліктілігін арттыру рөлі», «ТМД кеңістігіндегі мәдениетаралық диалогтың бекітудегі БАҚ-тың рөлі». 

 Форумды жүргізгендер Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени байланыс бойынша арнай өкілі Михаил Швыдкой мен Ресей Федерациясындағы Азербайжан мемлекетінің төтенше және өкілетті елшісі Полад Бюльбюль оғлы болды. Осы мамандардың арқасында Форум көңілді, достық қарым-қатынаста өтті.

Форум жұмысын ашқан 16 желтоқсан күні пленарлық отырыс барысында Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы мәдениет Министрлігі аясындағы білім және ғылым, халықаралық қатынастар департаментінің жетекшісі Дінислам Болатханұлы жеткізді. Сөз барысында ол Форумға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігімен құттықтады. Ол қазіргі таңда Қазақстанның геосаясат, экономика, мәдениет салалары бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуін бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында екенін, қазіргі уақытта біздің еліміз шығармашылық потенциал мен халықаралық қатынаста үлкен жетістікке жеткенін айтты. Сөз соңында ол Тәуелсіз мемлекеттер құрамындағы барлық мемлекеттерге сәттілік тіледі.   Қаз ҒЗМИ директорының орынбасары Ольга Батурина қазақстан сурет өнері мектебі мәдени үдерістің үлгісі ретінде ғылыми баяндамасы мен сөз сөйледі. Мәдениетаралық диалог Қазақстанда тірі тәжірибе, ол қоғамға теңдессіз көп пайда келтірді деп атап өтті ол. Біздің мемлекетіміздің жүргізіп отырған мәдени саясаты үлгі аларлықтай, себебі барлық этностардың өзара ынтымақтасуы Қазақстанның бірыңғай халқы болып табылады.   Қаз ҒЗМИ ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі Ринат Досаев «Мәдениетаралық диалог» барысында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтның 80 жылдық тарихында институтты басқарған аңыз адамдар жайлы, нақтырақ айтсақ: Санжар Асфендияров, Сәрсен Аманжолов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов және т.б. ақпарат берді. Сонымен қатар Форумға қатысушылар мен Қаз ҒЗМИ қызметі жайлы, Қазақстан Республикасы мәдени саясат Тұжырымдамасы жобасының жүзеге асыру және көшпелілердің ғажайып мұрасы Codex Cumanicus зерттеу жұмыстары жайында айтып өтті. Сөз соңында ол Форумға қатысушылардан мәдениетаралық диалогта екі жақтылыққа бармауды талап етті, өйткені біздің мемлекеттеріміз арасындағы негізгі және табысты платформа болып табылады, сондай-ақ алға бастыратын бірден-бір жол екені анық.   

ТМД-ң ІХ ғылыми интелегенция және шығармашылық Форумы барысында жыл сайын берілетін «Достастық дебюты» халықаралық сыйлық ақысы табысталды.Қазақстанның атынан оны Зульфия Сулейменова биология саласының инновациялық зерттеулері бойынша алды. Форум барысында көптеген ұсыныстар менен инициативалар айтылды. Форум қоғамдық тұрғыда тәжірибе алмасатын кәсіби жиынға айналды. Достастық мемлекеттер арасында гуманитарлы бағдарламалар (2014 – туризм жылы), Мемлекетаралық бағдарлама «Достастықтың мәдени астаналары» (2014 жылы мұндай астана Алматы, ал 2015 жылы бірден екі қала ресейлік Воронеж бен тәжіктік Куляб), Мемлекетаралық сыйлық ақы «Достастық жұлдыздары», Халықаралық сыйлық ақы «Достастық дебюты», ТМД-ның Жастар симфониялық оркестрінің гастрольдік чапарлары және «ТМД әдебиетінің классикасы» сериясының ғылыми шығарылымдары жүзеге асырылмақ.

 

Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени байланыс бойынша арнай

өкілі Михаил Швыдкой мен РесейФедерациясындағы Азербайжан мемлекетінің төтенше

және өкілетті елшісі Полад Бюльбюль оғлы

 

     Қаз ҒЗМИ директорнының орынбасары Ольга Батуринаның сөз сөйлеу сәті


 

Ресей Федерациясы Президентінің халықаралық мәдени байланыс бойынша арнай өкілі Михаил

Швыдкой мен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі Ринат Досаев



«Достастық д   ебюты» сыйлық ақысын Зульфия Сулейменоваға табыстау сәті

 

Қазақстанның атынан лауреат болған Зульфия Сулейменованың алғыс айту сөзі