Қазақстан және Ресей мәдениет министрлері мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды

09.12.2014 00:00 1399

9 желтоқсан, 2014. Санкт-Петербург. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі ІІІ Санкт-Петербург мәдени форумының жұмысына қатысты. Жұмыс сапары барысында қазақстандық ведомстваның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы Ресей Федерациясының мәдениет министрі Владимир Мединскиймен кездесті.

Қазақстан және Ресей мәдениет министрлері екі мемлекеттің мәдени ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, әңгімелесу барысында министрлер «Жиырма сегіз панфиловшы» кинофильмнің түсірілуіне қолдау көрсетуге келісті.

«Фильм алғаш уақытта толықтай халық қаражатына түсіріле бастаған болатын. Мәдениет министрлігі қолдау көрсетуге ниет білдірген кезде, түсірілім ұйымдастырушылары бас тартқан еді. Олар өз беттерімен 24 млн рубль жинады. Алайда біз қазақстандық әріптесімізбен бірге фильмге қолдау көрсетуге келістік», - деп хабарлады Владимир Мединский.

«Біз панфиловшылардың ерлігін жоғары бағалаймыз. Жеңіс күнінің 70-жылдық мерейтойының қарсаңында біз киношедевр жасауымзға міндеттіміз. Бұл жобаны шенеуніктер емес, халық ниеттеніп жасап отырғандығы қуанышты жағдай», - деп қосты Қазақстан министрі.

Оның сөздеріне қарағанда, фильм орыс тілінде шықпақшы. «Біз фильмнің орыс тілінде шыққандығын дұрыс деп есептейміз, алайда киноның барысында қазақ тіліндегі үзінділер де болады», - деп сөзін аяқтады А. Мұхамедиұлы.

по материалам: mk.gov.kz