Санкт-Петербургте Эрмитаж мемлекеттік музейін 250-жылдық мерейтойын тойлау аясында ІІІ Халықаралық мәдени форум өткен болатын. Мерейтойлық форумның жұмысына Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.
«Бүгінгі Эрмитаж тек музей ғана емес, ол халықаралық ынтымақтастыққа ашық ғылыми-зерттеу, ағартушылық орталық болып табылады. Қазақстан және Эрмитаж аралығында ең жылы достастық қарым-қатынастар орнады. Бұлардың қатарына бірлескен мәдени шаралар, білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулер жатады», - деп жазылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысының құттықтау хатында.
Салтанатты форумда сөйлеген сөзінде Қазақстан мәдениет министрі Қазақстан Президенті Н. Назарбаев отандық мәдениет және өнер саласының дамуына зор көңіл аударатындығын айтып өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасын жасақтады.
«Тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстанда шығармашылық одақтардың басшылары, аймақтық мәдениет басқармаларының басшылары, танымал әдебиеттанушылар мен мәдениет қайраткерлері кіретін жергілікті деңгейдегі Әдебиет және өнер кеңестерін құру көзделген. Сонымен қатар Министрлікте театрлар мен концерттік ұйымдардың репертуарлық қызметін бақылайтын репертуарлық саясат басқармасы құрылды», - деп хабарлады министр.
Ведомства басшысы Қазақстан ресейлік әріптестірінің сәтті бастамаларын ұдайы бақылап отыратындығын қосты. Қазақстан және Ресей мәдениет қайраткерлері белсенді түрде ықпалдасып, кәсіби тәжірибе алмасып, мемлекеттеріміздің ұлттық мәдениеттерді байытып отырады.
по материалам: mk.gov.kz