Қазақстанның «мәдени өмірінің төлқұжатын» дайындау үшін өлкелерді аралауға іс-сапарға аттанған Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері өзара келісім жасады.
Құжаттар жинау барысында арнайы уақыт бөліп, қалалардың мәдени өмірін көзбен көру, көңілге тоқу, танысумен қатар суретке түсіру керек. Келісім жасалды, іс-сапар басталды. Мәдени өмір дегеніміз театрлар мен мұражайлардан, кітапханалар мен концерт залдарынан басталады. Себебі мәдениеттің айнасы – мәдени ордалар. Соларға қарап облыстың мәдениеті қандай дәрежеде екенін аңғару қиын емес.
Осы жолғы институт қызметкерлерінің сапары Жайық өзенінің жағасындағы шаһарлармен жалғасты. Екі құрлықты жалғап жатқан мұнайлы, шырайлы өлке Атырау мен жағасы жасыл құрақ, Жайық пен Шаған өзендерінің қиылысына қоныс тепкен, төрт ғасырдан астам (кейінгі деректерде 6-7 ғасыр) тарихы бар, көне қала Орал бізді қарсы алды.
Асықпай араладық, мәдени өмірімен таныстық, талай-талай деректерге қанықтық. Екі облыстың да жетістіктері аз емес, осал тұстары жоқ емес.
Оның бәрі алда сайтымыздың «Мәдени өмір паспорты» айдарында жарияланатын материалдардан көрініс табады. Ал әзірге суреттерді сөйлетейік.
Суреттердің жалғасын мына сілтемелер арқылы көруге болады.
http://cultural.kz/kz/gallery/view?id=8 (Орал қаласы)
http://cultural.kz/kz/gallery/view?id=7 (Атырау қаласы)