10 желтоқсан, 2014. Астана. Жібек жолы қоры Ұлы Жібек жолының 100 маржаны іздеу жұмыстарын жүргізеді, - бұл туралы кеше Қазақстан астанасында ашылған І Халықаралық «Жібек жолы» форумында хабарланған болатын.
Жібек жолының 100 маржаны – бұл Жібек жолының бірлескен бағдарын құруда жаңа әдістерін қолдану, мәдениетті дәріптеу, модернизациялау, сақтап қалуға бағытталған жүз жоба.
ҚР Ұлттық музейінде өткен Форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Қытай Жібек жолы қорының төрағасы, «Синьао» корпорациясының вице-президенті Цзинь Юншэн ҚР Үкіметіне алғашқы Жібек жол мәдени форумының Астанада өтуіне көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысын білдірді.
«Бұл Форумды өткізу Қазақстанның мемлекет басшыларының және Шанхай ынтымақтастық ұйымының қолдауының арқасында, шараға келген бүкіл қатысушылардың – шығармашылық ұйымдардың өкілдері мен өнер қайраткерлері – арқасында ғана мүмкін болып отыр. Осы үшін барлығына өз алғысым мен ризашылығымды білдіремін», - деді Цзинь Юншэн.
Сонымен қатар Қытай Жібек жолы қорының Басқарма басшысы бүгінгі күні Қордың алдында 21 ғасыр Жібек жолының бағдарын құруға арналған инновациялық жобаларды іздестіру бойынша стратегиялық маңызы бар мақсат тұрғандығын хабарлады.
«Жібек жолы қоры Жібек жолы 100 маржанын іздестіру жұмыстарын жүргізуге жоспарлауда. Бұл 100 маржан – бірлескен Жібек жолының бағдарын жасақтауда жаңа технологияларды, мәдени құндылықтарды дәріптеу мен модернизациялауға арнал 100 жоба болып табылады», - деп хабарлады Қытай қорының басшысы.
«Біз аталмыш жоба бір рет өткізіліп қана қоймай, үнемі, Шанхай ынтымастық ұйымы мемлекеттерінің аумағында кезек-кезекпен өткізілуін қалаймыз. Мәдени форумның келесі отырысы 2015 жылы Ресей Федерациясында өтеді», - деп қосты ол.
по материалам: mk.gov.kz