«Көшпелілердің тарихын, археологиясын, этнографиясын, мәдениеті мен өнерін зерделеу бойынша ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу» ғылыми жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты директорының бірінші орынбасары М.Кипиев пен қызметкер Т.Харес 2013 жылдың 13-27 тамызы аралығында Ресей Федерациясының Орынбор қаласына іс-сапарға барып қайтты.
Міндет – Орынбордағы мұрағат, кітапханалардан жобаға қатысты материалдар іздеу, жинау және елгеә
Бұл қаланың тарихы біздің халықтың тарихымен тығыз байланысты. Өйткені Орынбор 20-шы ғасырдың басында (1920-1925 ж.ж.) Қазақстанның алғашқы астаналарының бірі болғаны аян. Сол себепті де оның мұрағаттары мен кітапханаларында қазақ тарихы мен мәдениетіне қатысты құнды дереккөздер сақталған.келу.
Негізгі бағдар – Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты мен Н.Крупская атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана. Бұл екі жерден, әсіресе облыстық мұрағаттан төмендегі қорлар қаралып, ел тарихына қатысты бірқатар қажетті құжаттардың көшірмелері жасалды. Мәселен:
1) №6 қор – Орынбор генерал-губернаторының кеңсесі (1797-1881 жж. 38072 сақтам бірлік(әрі қарай - с.б.)),
2) № 94 қор – Орыс Географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесі (1866-1917 жж. 116 с.б.)
3) №124 қор – Орынбор межелеу комиссиясы (1898-1918 жж. 8013 с.б.).
Аталған мұрағат қорындағы кітапханада қазан төңкерісіне дейін қазақ тарихы, этнографиясы мен археологиясына қатысты құнды деректер жарияланған газеттер табылды. Оның ішінде "Оренбургские губернские ведомости" (1851-1891 жж.), "Оренбургский листок" (1876-1904 жж.), "Уральские войсковые ведомости" (1870-1877 жж.), "Тургайская газета" (1895-1903 жж.) басылымдары бар.
Облыстық кітапханадан да қазақтың эпиграфика, топономикасы, тарихы, этнографиясы, археологиясына қатысты бірқатар кітаптардың көшірмелері жасалды. Қазіргі кезеңде аталған материалдарды ғылыми талдау және сұрыптау жұмыстары жүргізілуде.
Институт қызметкерлері ғылыми жобаны мақсат етіп барғанымен, ғимараттары мен ескерткіштері туған халқымыздың тарихынан сыр шертетін көне шаһардың әсем көріністерімен танысуды ұмытқан жоқ. Қазіргі Орынбор бейнеленген төмендегі суреттер «кешегіні ұмытпа» деп тұрғандай.
Суреттердің жалғасы http://cultural.kz/kz/gallery/view?id=9