Алматыда Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған көрме ашылды

12.12.2014 00:00 1811

12 желтоқсан, 2014.  Алматы. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің қарсаңында ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ хандығына - 550 жыл» тақырыбындағы кітап көрмесі ашылды. Көрмеге кітапхана және сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі 3000-нан астам еңбек шығарылған.

Алты бөлімнен тұратын көрменің басты мақсаты – Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан көрнекті тарихи тұлғалардың еңбектерін насихаттау.

Көрменің әр бөлімі нақты бір тақырыпқа негізделген. Бірінші бөлім - «Ұлы Дала мемлекеттері» - сақ, сармат, ғұн, үйсін, қаңлы ежелгі мемлекеттеріне арналса, «Тарихи зерттеулер» атты екінші бөлімде Дулати, Ш. Уәлиханов, В. Бартольд, Л. Гумилев, М. Қойгелдиев секілді әйгілі тарихшылар мен зерттеушілерге арналған. «Қазақ хандығы» бөлімінде қазақ хандығы мен хандары туралы ақпараттар топтастырылып, «Әдебиет және тарих» мемлекеттік бағдарламалар бойынша шығарылған жұмыстарды, мысалы үшін 100 томдық «Бабалар сөзі», «Батырлар жыры», сонымен қатар танымал жазушыларымыз І.Есенберлиннің «Көшпенділер» және «Алтын Орда», Ә.Кекілбаевтың «Үркер», Қ.Жұмаділовтың «Дарабоз», С.Сматаевтың «Елім-ай» кітаптарының жинақтаған.

«Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» бесінші бөлімінде оқырмандарға 1986 жылғы оқиғаларды баяндайтын К.Табеевтың «Қазақтың Желтоқсаны», Б.Төлепбергеннің «Қасиеттім - Желтоқсан», М.Қозыбаевтың «1986 желтоқсан... дақпырт және шындық» атты еңбектері ұсынылған. «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан» соңғы бөлімі егемен мемлекетіміздің тәуелсіхдіктің алғашқы жылдары, Елбасының жолдаулары, баяндамалары мен түрлі энциклопедиялар, альбом, кітаптарға арналған.

по материалам: mk.gov.kz