Елордада «Тәуелсіздік шежіресі» тарихи-деректі еңбектің 10 томының тұсаукесері өтті

13.12.2014 00:00 1568

 

13 желтоқсан, 2014. Астана. Кеше Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23-жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі. Қазақстан Республикасы» 50-томдық тарихи-деректі еңбектің кезекті 10 томының тұсаукесері өтті.

 «Қазақстан Республикасы. Тәуелсіздік шежіресі» жобасы еңбектері - тәуелсіз еліміздің жаңа тарихымен бірге Қазақстан мемлекеттігінің негізін қалаушы, тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың  қоғамдағы, саясат пен экономикадағы, жаһандық ахуалды талдаудағы  алатын орнын, халық алдындағы тарихи парызын терең сезіне білетін азаматтық жауапкершілігін, тұрақты даму мен ұлтаралық татулық  идеясын  Қазақстан аясында ғана жүзеге асырып қоймай, әлемдік деңгейге көтерген көрегендігін, кемел қасиеттерін, қажырлы  қайраткерлігін ашып көрсететін көп томдық шығарма.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихына тікелей қатысты бұл еңбектерде Қазақстан Республикасының 1991 жылғы тәуелсіздік алғаннан бергі қабылданған ресми құжаттары мен шешімдері рет-ретімен беріліп, «Тәуелсіздік шежіресі», «Елмен сырласу», «Елбасы жолдады - Елі қолдады», «Әлем Қазақстан туралы, Әлем Президент туралы» деген атаулармен ұсынылған.

Бұл еңбектердің  40 томы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша, биылғы 10 томы «ERG Көмек» қоғамдық қорының демеушілігімен және «KazFond» қоғамдық жастар қорының серіктестігімен жарық көрген. Келешекте тәуелсіз мемлекеттігіміздің шежіресіне, жаңа заманның - жаңа тарихына айналатын бұл көптомдықтар өз жалғасын табатын болады.

по материалам: mk.gov.kz