Сәулетші Норман Фостерге ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

13.12.2014 00:00 1507

 

13 желтоқсан, 2014. Астана. Сәулетші Норман Фостерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс

сыйлығын беру туралы» Жарлық

 «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Сәулет өнерін дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін сәулетші Норман Фостерге 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Еске салып кетейік, Астанада Фостер «Бейбітшілік және келісім сарайы» (2006), «Хан-Шатыр» ойын-сауық және сауда орталығы (2010) және Тұңғыш Президент кітапханасын салған болатын (2013).

 

 

по материалам: mk.gov.kz