Бокстан әлем чемпиондары Рой Джонс-кіші және Олег Маскаев Астанаға келді

17.12.2014 00:00 1523

 

16 желтоқсан, 2014. Астана. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бокстан әлем чемпиондары Рой Джонс-кіші және Олег Маскаевпен кездесті.

Әйгілі спортшылардың Қазақстанға келуіне арналған баспасөз маслихатында Арыстанбек Мұхамедиұлы барша қазақстандықтарды басты ұлттық мерекемен құттықтады: «Қымбатты достар, сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Бұл біздің ең басты мерекеміз, біз үшін өте асыл мейрам. Осы жылдар аралығында Қазақстан тек дамыған мемлекетке айналып қана қоймай, әлемдік қауымдастықтың көшбасшыларының біріне айналды. Астана бүгінгі таңда геосаясаттың орталығына айналды. Көптеген әлемдік маызы бар шешімдер бізде, Елордамызда қабылданады», - деді министр.

Сонымен қатар ведомства басшысы Қазақстан – спорттық қозғалысты дамыту мен халықты жаппай салауатты өмір салтымен айналысуына айрықша көңіл бөлетін дамыған ел екендігін қосты.

 «Бүгінгі Қазақстан толық құқылы спорттық держава болып табылады. Біз ірі халықаралық шаралар ұйымдастырып жүрміз және ұйымдастыруды жалғастырамыз да. Біздің спортшылар маңызды спорттық шараларда Қазақстан мәртебесін абыроймен қорғап жүр. Бұның өзі мемлекеттің спорттың дамуы үшін барлық мүмкіндіктер жасап жатқандығының дәлелі болып табылады», - деп қорытындылады ол.

Рой Джонс-кіші және Олег Маскаев Қазақстанның еңбек сіңірген жатықтырушысы Ғалым Жарылғаповтың есіміне арналған ХХХІ халықаралық турнирге қатысатын болады.

по материалам: mk.gov.kz