Ресей Федерациясының мәдениет министрі Владимир Мединский барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қазақстан мәдениет және спорт министріне жолданған үкіметтік жеделхатта:
«Сізді, әріптестеріңізді және Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Ресей және Қазақстанның көпжақты ынтымақтастығы мемлекеттеріміз үшін өте маңызды және көпұлттық халықтарымыздың дәстүрлерін арттыру мен сақтаудың кепілі болып табылады. Біздің өзара қарым-қатынастарымыз бүкіл әлем үшін тату көршілік, өзара сыйластық пен бір-біріміздің мәдениетіміз бен дәстүрлерімізге деген шынайы қызуғышылықтың жарқын үлгі бола алды. Осы мереке күні Сізге және барша қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық пен барлық бастамаларыңызда сәттілік тілеймін», - делінген.
по материалам: mk.gov.kz