20 желтоқсан, 2014. Алматы. Бүгін Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры өз 80-жылдығын тойлап жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев театрдың шығармашылық ұжымына құттықтау хат жолдады.
Елбасының құттықтау хатын ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы Алматыдағы салтанатты шараны ашу кезінде оқыған болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті өз құттықтауында Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрын ұйғыр мәдениетінің өзіндік ерекшелігін айқындаушы мен барша қазақстандық көпэтносты халқының жетістігі деп атады.
«Ұзақ жылдар бойы көрермендер ұрпақтарының бірнеше буыны жоғары көркемдік және кәсіби деңгеймен ерекшеленетін жұмысыңызды қуана қарсы алып жатыр. Театрдың кең және әрқилы репертуары халқымыздың бай мәдени мұрасы мен мейірімділік және адамгершілік рухымен әрдайым тығыз байланыста», - делінген құттықтау хатында.
Салтанатты кештің ресми бөлімі театрдың тарихы туралы документалды фильмнің көрсетілімінен басталды. Ұйғыр халқы тарихындағы алғашқы кәсіби театр 1934 жылы Алма-Ата, Жаркен және Шелек драма ұйымдарының ең көрнекті өкілдерінен құрылған болатын. Театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі А. Ардобус болды. Бүгінгі таңда Құддыс Қожамияров атындағы театр әлемде ұйғыр музыкалық комедия мемлекеттік театрдың бірден-бірі болып табылады.
Мерейтойлық шараға қоғам қайраткерлері, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры, Республикалық неміс драма театры, Құрманғазы атындағы халық аспаптары қазақ мемлекеттік академиялық оркестрі, Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің шығармашылық ұжымдары және, сондай-ақ, қазақ эстрадасының жұлдыздары шақырылған.
по материалам: mk.gov.kz