23 желтоқсан, 2014. Астана. Бүгін Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде мектепаралық, мұражайаралық регата жобасының женімпаздары марапатталады.
ҚР мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қаласының Білім басқармасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы.
Мектепаралық, мұражайаралық регата жобасы – Астана қаласы білім мекемелері оқушыларының арнайы бағдарлар бойынша беймәлім аралдар – 13 мұражайды аралау үшін ұйымдастырылған ұзақмерзімді серіктестік жобасы. Ойын – саяхаттың шарты бойынша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – бұл аралдарды біріктіретін «Архипелаг», ал аралдардың жетекшілері өздерінің экспозициялық материалдары негізінде тақырыптық ойын «бағдарларын» қалыптастырды.
Теңіз-саяхат ойыны 2 кезеңде өтті. 1 кезеңнің бағдарламасы 2014 жылдың ақпан, наурыз, сәуір айларында 3 тақырыптық бағдар бойынша: «Особая кладовая», «Калейдоскоп культур», «И память, и подвиг, и слава» мектеп музейлерін аралауға бағытталды. Регата қатысушылары 1 кезеңнің қорытындысы бойынша «Алжир» саяси қуғын – сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды – музей кешенін аралады.
Регатаның 1 кезеңінің жеңімпаздары «Архипелагқа» шақырылды, оның сақтаушылары қызықты тапсырмалар дайындады: «Архипелагта» орналасқан нысандарды зерттеу, сөзжұмбақтарды шешу, логикалық тапсырмаларды орындау, интеллектуалдық викториналардың сауалдарына жауап беру.
Барлық тапсырмаларды өте жақсы орындаған, «Архипелагтағы» құпия жерді тапқан және онда орналасқан жұмбақ жәдігерге дұрыс түсініктеме берген экипаж Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ауыспалы кубогінің жеңімпазы мен иегері болып атанды.
Қатысушыларға концерттік нөмірлермен қатар, ұйымдастырушылардан жеңімпаздарға тосынсыйлар мен сыйлықтар дайындалды.
по материалам: mk.gov.kz