24 желтоқсан, 2014. Астана. Қазақстандық спортшылар «Олимпиалық ынтымақтастық» жобасының аясында Олимпиалық ойындарға дайындық үрдісін қамтамасыз етуге арналған қаржылық көмек беруді көздейтін «Рио-2016 олимпиалық стипендиясына» ілікті.
«Олимпиалық ынтымақтастық» - Олимпиалық қозғалысты дамытуға бағытталған Ұлттық олимпиалық комитеттердің жұмысын үйлестіру бойынша Халықаралық олимпиалық комитеттің жобасы. Бағдарлама аясында ҚР Ұлттық Олимпиалық Комитетіне жіберілген стипендияға үміткер спортшылардың өтініштері жіберілген болатын. ҚР ҰОК өтініштерді ережелерге сай келетіндігіне тексергеннен кейін, анкеталарды ҚР ХОК-не тапсырды. Халықаралық олимпиалық комитет, өз кезегінде, стипендияға үміткерлердің рейтингтері мен потенциалын бағалаған болатын.
«Рио-2016 олимпиалық стипендиясына» іліккендердің қатарында: боксшылар Иван Дычко, Данияр Елеусінов, Берік Абдрахманов, Әділбек Ниязымбетов, Жәнібек Әлімханұлы, ауыр атлетшілер Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, грек-рим күресінің балуандары Алмат Кебіспаев, Нұрмахан Тыналиев, еркін күрес балуаны Расул Қалиев, әйелдер арасындағы күрес бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Гузель Манюрова, дзэдошылар Максим Раков, Азамат Мұқанов, Елдос Сметов, таеквондошы Нұрсұлтан Мамаев.
по материалам: mk.gov.kz