25 желтоқсан, 2014. Астана. Қазақстан Елордасында ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттестік үйлестіру комитетінің кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.
Орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан азаматтық альянсы мен МЕҰ өкілдері қатысқан отырыс барысында «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында үкіметтік емес сектордың жағдайы мен алдағы уақытта даму мәселелері талқыланды.
МЕҰ әрекеттестік Үкімет жұмысының басты бағыттарының бірі болып табылатындығын ескертіп кеткен жөн. Әлеуметтік жобаларға көрсетіліетін қолдаудың көлемі жыл сайын артуда – тек үстіміздегі жылы ғана 1900 жобаны қолдау үшін 7 млрд. Теңге бөлінген болатын.
Отырыс қорытындылары бойынша Бердібек Сапарбаев МЕҰ ынтымақтастықты жетілдіру мен әлеуметтік саладағы азаматтық бастамаларды қолдау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
по материалам: mk.gov.kz