Мәскеуде «Танылмаған Қазақстан» фотокөрмесі өтуде

26.12.2014 00:00 1500

 

2014 жылдың 25 желтоқсанында Мәскеудің «Выставочная»  метро аялдамасында орналасқан «Метро» галереясында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі, ҚР Тұңғыш Президентінің қоры және Мәскеу метрополитенінің ұйымдастыруымен «Танылмаған Қазақстан» фотокөрмесі ашылды.

Көрменің басты мақсаттарының қатарына Астанадағы «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесінің өткізілуі қарсаңында өте маңызды болып табылатын Қазақстанның көптүрлілігін, оның әсемдігі мен шексіз потенциалын көрсету міндеттері жатады.

2012 жылы «Танылмаған Қазақстан» шығармашылық жобасы ҚР Тұңғыш Президентінің грантын жеңіп алған болатын. Екі жыл ішінде PHOTOSAFARI.KZ  фотографтары мен журналисттері Қазақстан табиғаты туралы фотокөрме, очерк, мақалалар үшін бейнематериалдар мен фотосуреттер жасау мақсатында еліміздің барлық қорық және тарихи мекендеріне саяхат жасап шықты.

Фотографтар мен журналисттер Қазақстанның табиғи және мәдени маржандары (ұлттық саябақтар, мәдени ескерткіштер, т.б.) туралы фото- және бейнематериалдар жинау жұмысын сәтті өткізіп, сол жұмыстың нәтижелері Мәскеудегі фотокөрмеге айналды.

по материалам: mk.gov.kz