Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына үнді жоғары оқу орындарында білім алу стипендиясын ұсынады

08.01.2015 10:02 1648

 

8 қаңтар, 2015. Астана. Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына үнді жоғары оқу орындарында білім алу үшін 2015-2016 жылдарға арналған стипендиясын ұсынады. Стипендия бакалавриат, магистратура, сондай-ақ, PhD докторантура деңгейлерінде білім алу мақсатында және әлеуметтік-гуманитарлық ғылым мен орындаушылық өнер саласында ғылыми тағылымдамадан өтуге  беріледі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті хабарлайды.

Үміткерлерге қойылатын басты талап білім алу үшін  ағылшын тілін тиісті деңгейде білуі қажет. Сонымен қатар, магистратура, PhD докторантура деңгейлері бойынша білім алу және сәулет пен театрлық өнер саласында ғылыми тағылымдамадан өту үшін болашақ ғылыми жұмыстары бойынша қысқаша аннотация ұсыну тиіс.

Стипендия MBBS/MD/MS/BDS курстарына берілмейді.

Толық ақпаратпен www.iccrindia.net ресми сайтында танысуға болады.

Құжаттарды 2015 жылдың 15 қаңтарға дейін мына мекенжай арқылы қабылдайды: Астана қаласы, сол жағалау, С15А Дипломатиялық қалашық, Үндістан елшілігінің мәдени орталығы.

 

по материалам: mk.gov.kz