Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәдениет саласы бойынша тарихта бірінші рет ҚР мәдени саясат Тұжырымдамасы стратегиялық құжаты қабылдануда. 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Елбасы дамудың орталық векторын атап өткен еді. Яғни, қазақстандық мәдениетті қалыптастыру және заманауи кластерді дамытуды басты міндет деп атап өткен еді. Қос бағыттағы стратегиялық бағдар дамудың салаларына жаңа күш беріп, халықтың әлеуметін жаңарту мен бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетіні анық. Қазіргі таңда қазақстандық мәдениет саласындағы бұл бағыт жеке тұлғаның шығармашылығын дамытуда, мәдени мұраның сақталуына және елдің бірыңғай мәдени кластер кеңістігін дамытудағы іргелі факторы болып табылады.
Мәдени саясат тұжырымдамасына енгізілген қағидалар – ұлттық мәдени мұраны сақтау, мәдениетті тану, әлеуметтік даму мен өсім факторын мойындау, мәдени жан-жақтылықты сыйлау, тәуелсіз шығармашылық пен мәдениетті түрдегі өз ойын білдіру – барлығы дамудың біркелкі саласы болып табылады.
Жалпыұлттық басымдылықтың ішіндегі маңыздылыардың бірі, елдің мәдени коды мен оны құрайтын компоненттері – мұра, дәстүр, салт, тіл, жанұя, шаруащылық жүйелер менен мерекелер. Тұжырымдамада әсіресе, дәстүрлі құндылықтарды демеу, адамгершілік бағыттарды қалыптастыру мен дамыту, ұлттық сәйкестікті айқындау, - әлемдік жаһандану мәдениеті мен қазақстандық мәдениеттің ажырамас бөлігі саналуда.
Мәдени саясаттың өзекті бағыттарының бірі – мәдениет пен өнер салалары бойынша білім беру кеңістігінің құрылуы еді. Тұжырымдама білім беру парадигмасының жаңа формасын жоғарғы рухани-адамгершілік пен эстетикалық құндылықтарды қалыптастыратын тұлғаның жан-жақты дамуына орай белгілейді. Факт жүзінде бұл қазіргі мәдениеттегі білім беру үлгісіне өзгертулерді мемлекеттік мәдени-білім беретін, жас таланттарды қолдайтын, еңбек нарығын қажет ететін өнер мен мәдениет қайраткерлерін қолдауға арналған.
Мұндай деңгейдегі жоба жүзеге асқанда шешімін таппаған ескі мәселелерді шешу жолдарына мүмкіндіктер ашылатыны анық. Яғни, жаңа генерация бойынша шығармашылық адамдары мен менеджерларды дайындау, қос бағытты білім беруді қалыптастыру, ғылыми қызметті мәдениет пен өнер саласына бейімдеу. Аталмыш Тұжырымдама бойынша басқару шешімдері бірыңғай кластерлік тәсілге негізделген. Ол дегеніміз аймақтық саясатты қабылдауда заманауи шешімдерді жүзеге асыру. Үйлестіру және консультативті-кеңесші фунциялары жаңа құрылым негізінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы – Ұлттық кеңес және өнер бойынша орналастырылады. Ұлттық кеңестің жоғары деңгейлі құрамында депутаттар, Үкімет мүшелері, мәдениет пен өнер салаларының теңдессіз қайраткерлері, шығармашылық одақтар мен мәдени мекемелер ұйымдастырушылары және бизнес-қауымдастықтар негізінде жүзеге асырылады. Сондай маңызды тапсырманың бірі консультативті-кеңесші органдар елдің мәдени кеңістігін біріктіру мақсатында аймақтық саясат пен мінездемені қалыпқа келтіру. Тұжырымдама бойынша, Ұлттық кеңес мәдениет пен өнер салалары бойынша арнайы көркемдік кеңес – театрлық, музыкалық және концерттік қызмет, мұражай ісі және археология, киноиндустрия, жартас өнері, әдебиет және т.б. Бұл бұрынғы ескі жүйені жаңартып, мәдени мекемелерді ел аймағына тәжірибе мен біліктілікті алмастыруды жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді.
Территориялық кластерді құру арқылы өнерді жалпыхалықтық деңгейге дейін көтеруге болады. Тәжірибе қорытындысы бойынша өнерге бағытталған әр шығармашылық кластерді көркемдік кеңеске бағыттап, дамудың дара жолына түсуге болады. Аталмыш мәдени-туристік кластерлердің жоғарғы потенциялы арқылы елдің халықаралық бейнесін, тарихи-мәдени территориясын, жергілікті мәдени бірлестіктің инфроқұрылымын коммерциялық бағытта дамыту, экономикалық және әлеуметтік салада жоғары жетікке қол жеткізуге арналған. Тәсілдің бұл түрі территория брендін таныстыруды жалғастыру, аймақтың мәдени-туристік бейнесін қалыптастыруға жағдай туғызады. Аталмыш бағыт әсіресе Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты бағдарламасы аясындағы туризмнің инфроқұрылымын дамыту, яғни жаңа жұмыс орындары мен шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау.
Тұжырымдамада қойылып отырған әлемдік деңгейдегі экологиялық этносаябақтар, мәдени қорықтар елдің мәдени ландшафтын қалыптастыратын бірден-бір жұмыс күші. Бұл дегеніміз, әр аймақ өзінің ғажайып тарихи-мәдени мұрасын ұсына алады деген сөз.Заманауи әлеуметтік-мәдени технологиялар көмегімен туризм, ақпараттық технологиялар, білім беру кешендері аймақтардың тарихи-мәдени мұрасын дамытуға өз көмегін тигізеді. Бұл жергілікті жобаларды, шығармашылық потенциал – өзіндік фестивальдар, мерекелер, фольклор, қолөнер, халық кәсіпті белсенді түрде қолдауға мүмкіндік береді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық тоқыраудың кезіндегі халықаралық сауда айналымы көлемінің қысқаруына байланысты, креативті тауарлар экономика саласының тұрақтауының бірден-бір көзі болып табылады. Креативті индустрия – инновациялар мен шығармашылықпен айналысатын жастар үшін арналған. Олар мемлекеттік және жеке серіктестік және бизнес-инициатива бойынша кең мүмкіншіліктерге ие болмақ. Жалпы, мәдени саясат Тұжырымдамасы 2030 жылға дейін елдің әлеуметтік стратегиясын жаңғыртып, мәдениет саласын дамытатыны анық. Дәйекті түрде тапсырылған мәдени саясат векторы тәхірибелік қорытындыларға бағытталып, әр қазақстандықтың өмір сүру деңгейін көтеріп, мәдениет саласына қол жетімділікті арттыратыны белгілі.
Жапсарбай Қуанышбаев, Президент әкімшілігі ішкі саясатының бөлім меңгерушісі.
дерек көз - Казахстанская правда