2014 жылдың 10 қаңтарында «Казахстанская правда» қоғамдық-саяси басылымының 95-жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара кезінде ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы газет тілшілеріне «Мәдениет қайраткері» төс белгілері мен Мәдениет және спорт министрлігінің мақтау қағаздарын тапсырды.
«Мәдениет қайраткері» төс белгілері солтүстік аймақтардағы арнаулы тілшісі Александр Кузенный, Алматы қаласындағы тілшілік пунктінің журналисттері Ғалия Шымырбаева мен Раушан Шүлембаеваға табыс етілсе, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің мақтау қағаздарымен басылымның Ақтөбе облысындағы жеке тілшісі Жұбаныш Байгурин, Наталья Валуйская мен Әсет Қалымов (Алматы облысы және Орталық Азия) марапатталды.
Басылым қызметкерлерін марапаттау кезінде Арыстанбек Мұхамедиұлы «Казахстанская правда» газеті бір ғасырға жуық тарих бар басылым отандық журналистика саласында кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін сақтап тұрған еліміздің ең беделді газеті болып тұрғандығын ерекше атап өтті.
по материалам: mk.gov.kz