Халықаралық түркі академиясы Түркі мұражайының қоры сақ және ғұн жебелері ұштықтарының топтамасымен толықтырылды

16.01.2015 09:12 1648

16 қаңтар, 2015. Астана. Халықаралық түркі академиясы Түркі мұражайының қоры сақ және ғұн жебелері ұштықтарының топтамасымен толықтырылды. 70 жебе ұштықтарынан тұратын ерекше топтаманы музейге ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының директоры Ерлан Карин сыйға тартты.

Ескерткіштер тас дәуірінен бастап ХІХ ғасырға дейінгі түрлі тарихи кезеңдерге жатады. Ұштықтардың көбісі ерте заманда сақ, ғұн, монғол сарбаздарының жебелерінде қолданылған.

Жеке топтаманы жинақтауда Ерлан Каринге монғолиялық ғалым Сұраған Рахметұлы көмектескен болатын.

Еске салып кетсек, өткен жылдың күзінде Түркі музейі толықтай қалпына келтіріліп, жаңа ескерткіштер мен топтамалармен толықтырылған еді.

по материалам: mk.gov.kz