Түркияда қазақ мәдениетінің апталығы ашылды

19.01.2015 09:16 1415

 

19 қаңтар, 2015. Түркияның Эскишехир қаласында «Түркиядағы қазақ мәдениетінің аптасы» ашылды. Отандық мәдениет өкілдері бұл апталық аясында елдің ірі сахналарында өнер көрсететін болады.

Түркия бойынша турне түркі әлемінің 2013 жылғы астанасы Эскишехир қаласынан басталды. Анатолия университетінің концерттік камералы залында КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік жүлдесінің иегері, халқымыздың әйгілі сопраносы Бибігүл Төлегенова мен Тәттімбет атындағы Академиялық оркестрі түрік көрермендерінде терең әсерлер қалдырған туындылар орындады.

Апталықтың салтанатты ашылуына Эскишехир провинциясының губернаторы Гюнгор Азим Туна, түркі мәдениеті халықарылық ұйымының бас хатшысы Дюсен Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев, ғылым, білім бері, әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамдық-саяси салалар өкілдері, қазақстандық студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Бибігүл Төлегенова мен Тәттімбет атындағы оркестрден тұратын Қазақстан шығармашылық тобы Анкара, Болу және Стамбул қалаларында өнер көрсетпекші.

по материалам: mk.gov.kz