Жоба аясында қазақ мәдениетінің тілдері қазақ этносы менталитеті өмірдің түрлі салаларында: тілде (ауызша және жазбаша), әдет-ғұрыпта, ою-өрнектеуде, түс пен дыбыстың белгілерінде, музыкада, сонымен қатар қазақ санасының басқа да вербальды емес көріністерінің алуан түрлілігін білдіреді.
Жобаның негізгі идеясы - теориялық базаны отандық мәдени-коммуникативтік кеңістікке және әлемдік ғылыми айналымға енгізу мақсатында қазақ мәдениеті тілдері кешенін жүйелеу, каталогтау және жалпылау.
Жобаның нәтижелері Қазақстанда этностық өзіндік сана-сезімнің жаңа тұжырымдамаларын қалыптастыруға да, мәдени және әлеуметтік антропология, тарих, өнертану, музыкатану, лингвистика және когнитивті ғылым саласындағы болашақ зерттеулер де негізделуі мүмкін.
Жоба жетекшісі - Галиев Ануар Абитаевич - тарих ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, Хельсинки – Афины (Финляндия – Грекия, ЕО және Academy of Cultural Heritages) мәдени мұрасы академиясының академигі және Халықаралық ғылыми кеңесінің мүшесі, Халықаралық семиотикалық зерттеу ассоциациясының (International Assotiation for Semiotic Studies) атқарушы комитетінің мүшесі.
Жобаның іске асырылу мерзімі: 2021-2023 жж.
Жобаның мақсаты - әлеуметтік құрылымда, ғұрыптық тәжірибеде, салттық және тұрмыстық салаларда, сондай-ақ фольклор мен өнерде өз көрінісін табатын қазақ халқының мәдениеті тілдерінің алуан түрлілігін жүйелік бірлікке келтіру болып табылады. Мәдени тілдердің бірыңғай каталогталған жүйесі білім, ғылым, өнер және лингвистика салалары мамандарының мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Күтілетін нәтиже:
Жоба мәдениеттің әр түрлі тілдерін жүйелеу мен каталогтаудың теориялық негіздерін ғана емес, сонымен қатар әр түрлі ғылым мен мәдениеттің мамандары үшін байланыс тәсілдерін орнатады. Басқаша айтқанда, бұл жобаның нәтижелері тек гуманитарлық ғылымдар үшін ғана емес, сонымен қатар ғылыми қоғамдастық үшін де, қызығушылық танытқан кең аудитория үшін де қолданбалы функциялар маңызды болып табылады.
Жоба, сонымен қатар, когнитивті антропология, мәдениеттану, этносемиология және т.б. саласындағы пәнаралық жұмыстардағы кемшіліктердің орнын толтырады. Теориялық және қолданбалы нәтижелер де осы салалар арасындағы диалогтағы бар кемшіліктердің орнын толтыратын болады.