2015 жылдың 24-25 ақпанында Алматы қаласында «Алматы – ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы» халықаралық конференциясы болады. Конференция білім, ғылым және мәдениет істері жөніндегі ислам мекемелері (ИСЕСКО) бастамасымен осы аттас Жыл шеңберінде өткізіледі.
Іс-шаралардың ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, Алматы қаласының әкімдігі.
Конференцияның ашылуына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мухамедиұлы, Алматы қаласының әкімі А.Есімов, ИСЕСКО Бас директоратының өкілетті өкілі және шақырылған Ислам ынтымақтастығы Ұйымдарына (ИЫҰ) мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері қатысады. Конференция қатысушылары мен қонақтарына арналған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы таныстырады.
Конференция алаңында қатысушы мемлекеттердің 100-ден аса беделді сарапшылары, саясаткерлері мен ғалымдары ИЫҰ шеңберінде халықаралық интеграциялау үрдістерін талқылайды, ислам әлемі елдеріндегі тарих және мәдениетті зерттеу салаларында қалыптасқан ағымдағы ахуалға сараптама жүргізеді, көпжақты мәдени ынтымақтастықтың келешегін қарастырады. Конференция 4 секциядан тұрады:
1. «Ислам ынтымақтастығын ұйымдастыру – мәдениетаралық және конфессияаралық диалогтың негізі». Өтетін орыны: Балл залы («Интер-континенталь» қонақүйі)
2. «Алматының әлемдік ислам мәдениетіндегі рөлі мен маңызы». Өтетін орыны: Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайының экспозиция залы
3. «Ислам – төзімділік пен рақымшылдық діні». Өтетін орыны: Конференц-залы (Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы)
4. «Полиэтникалық және поликонфессиялық қоғамда діни-мәдени дәстүрлерді жаңарту және сақтау». Өтетін орыны: Астана 2 залы («Интер-континенталь» қонақүйі).
Конференция ИЫҰ мүше мемлекеттері арасындағы гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, Алматының мәдени әлеуетін дамыту және Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын дәріптеу, исламның оң (позитивті) бет-бейнесін жақсарту құралдарын іздеуге бағытталған.
Конференция нәтижесінде қарар және көптеген ұсынылымдар қабылданады, олар кейіннен мүдделі мемлекеттік органдар және ИЫҰ мүше мемлекеттердің ғылыми ұйымдарына жіберіледі.